KZ
Өскемен
-21°
туман жел 1 м/с, З
498.65 589.06 6.49

«Мемлекеттік тіл және БАҚ»: республикалық байқауға өтінім қабылдау басталды

15.05.2025, 18:30 612 Гульжан Мусина

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын жариялады. Байқау мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттауды мақсат етеді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Байқаудың негізгі міндеттері:

  • қоғам назарын мемлекеттік тілдің өзекті мәселелеріне аудару;
  • қазақ тіліндегі сапалы контентті көбейту;
  • БАҚ арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

Байқауға журналистер, БАҚ ұжымдары, сондай-ақ мемлекеттік тіл тақырыбында мақалалар жариялаған кез келген азамат қатыса алады. Алайда соңғы үш жылда бас жүлде немесе бірінші орын алғандар биылғы байқауға қатыстырылмайды.

Номинациялар:

«Үздік мақала»

«Үздік теле/радиобағдарлама»

Материалдарға қойылатын талаптар:

  • Мақалалар мен бағдарламалар 2025 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығында жарияланған болуы тиіс;
  • Мемлекеттік тілдің өзекті мәселелерін ашып көрсетуі қажет;
  • Мазмұн аналитикалық және шешімдерге бағытталған болуы керек;
  • Автордың заманауи медиатехнологияларды қолдану деңгейі ескеріледі.

Өтінімдер қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 1 шілде сағат 24:00-ге дейін.

Құжаттарды baqkonkurs@gmail.com жібере аласыздар. 
Тақырыбы: «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына

Өтінімге мыналар қоса тіркелуі қажет:

  • Өтінім формасы (қол қойылған, сканерленген);
  • 2 мақала немесе 1 теле/радиобағдарлама;
  • Мақалалардың электрондық нұсқалары, скриншоттары немесе бағдарламалардың жазбалары.

Қазылар алқасы (кемінде 5 адам) тақырыпқа сайлық, мәселенің өзектілігі мен ашылу деңгейі, мазмұн тереңдігі мен стильді бағалай отырып жеңімпаздарды анықтайды.

Бас жүлде иелері мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, алғысхаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталады. Нәтижелер байқау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жарияланады.

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін: (87172) 74-01-35, 74-09-85

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу