KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, СБ
512.44 593.15 6.52

Өскеменде Әнуар Әлімжановтың 95 жылдығына орай облыстық байқаудың финалы өтті

17.05.2025, 13:00 1 714 Гульжан Мусина

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада көрнекті жазушы, публицист және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың туғанына 95 жыл толуына арналған облыстық байқаудың финалдық кезеңі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Байқау жас ұрпаққа Әнуар Әлімжановтың бай әдеби мұрасын таныстырумен қатар, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға, түрлі өнер бағытында өзін еркін көрсетуіне мүмкіндік берді. Іс-шараға өңірдің 12 мектебінен келген оқушылар қатысты.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша бес мектеп келесі кезеңге өтті. Олардың қатарында Средигорное орта мектебі мен Чиркаин негізгі мектебі болса, финалға үздік үш команда ғана жолдама алды. Олар:

  • Гагарин ауылының Гагарин орта мектебі;
  • Қасым Қайсенов кентіндегі Р.Марсеков атындағы орта мектеп;
  • Өскемен қаласының № 45 орта мектебі.

Алдыңғы кезеңдерде оқушылар жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы терең білімдерін көрсетіп, мазмұнды эссе мен зерттеу жобаларын қорғады. Финалда олар театрландырылған қойылымдар арқылы Әлімжановтың шығармаларын сахна тілімен сөйлетті.

Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Ұлан ауданының Гагарин орта мектебі;

2 орын – Қасым Қайсенов кентінің Р.Марсеков атындағы орта мектебі;

3 орын – Өскемен қаласының № 45 орта бейінді мектебі.

Жеңімпаздар арнайы кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқауға оқушыларды дайындаған мұғалімдерге алғыс хаттар табысталды. Бұл байқау жас буынның ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа ынталандырудың жарқын мысалы болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу