KZ
Өскемен
-7°
снег жел 5 м/с, З
494.63 583.22 6.42

Катонқарағайда кәсіп ашуға мүмкіндік бар

25.06.2025, 14:30 310 Айна Ескенқызы

Катонқарағай ауданының ерекшелігі мен әлеуетін ескере отырып, былтырдан бастап «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында туризм басты бағыт ретінде белгіленген. Сол уақыттан бері бірнеше жоба жүзеге асырылып, ауылдарда жаңа демалыс орындары мен жұмыс орындары пайда болды. Биыл да бұл бағыт жалғасын тауып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өткен жылы жалпы құны 113,67 млн теңге болатын 9 жоба мақұлданған. Оның ішінде туризмге қатысты 6 жоба 93,7 млн теңгеге бағаланған. Нәтижесінде ауылдарда 48 орындық 12 қонақжай пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге бағытталған 2 жоба 11,5 млн теңгеге, ал бір жоба бойынша 8,57 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Осы бастамалар аясында 13 адам жұмыспен қамтылған.

– Биыл аудан бойынша 45 жоба ұсынылып, олардың 19-ы мақұлданды. Жалпы сомасы 219,8 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда 14 жоба жүзеге асырылып жатыр, ал 10 жоба іске қосылып, толық игерілді. Жыл соңына дейін 33 жұмыс орны ашылады. Бұл ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына оң әсер етіп отыр, – деді аудан әкімі Данияр Дүйсембаев ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Биылғы мақұлданған жобалардың негізгі бағыттары:

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу – 2 жоба (9,3 млн теңге). Мәселен, «Қадыролла А.» ЖК сүт өнімдерін өңдеуге, құрт жасауға арналған құрылғы сатып алды;
  • Өндіріс саласы – 3 жоба (17,9 млн теңге), оның ішінде «Абдулова Г.» ЖК пластикалық бөтелке өндіретін аппарат алған;
    Туризм – 13 жоба (185,3 млн теңге), мысалы, «Катон Camp» ӨК (Черкасов С.) және «Кәрім Нұр Тур» ӨК (Қашағанов М.) этнотуризм жобаларын іске асыруда;
  • Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу – 1 жоба (7,3 млн теңге).
  • Аталған жобалар арқылы Катонқарағайда жергілікті халықтың тұрмысы жақсарып, кәсіпкерлікке бет бұрған тұрғындардың саны артып келеді.
  • Бұл – ауданның мүмкіндігін тиімді пайдаланудың айқын көрінісі.

Фото: Жібек Нұрахмет

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу