ШҚО-да ауыл халқына несие беріледі
Биылдан бастап облыста халықтың табысын арттыруға бағытталған "Ауыл аманаты" бағдарламасын іске асыру жоспарланып отыр. 2023 жылға арналған бағдарлама шеңберінде ауыл халқына жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге несие беріледі.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бағдарлама аясында жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге несие беру көзделген.
Сонымен қатар осы жылы ауыл шаруашылығы саласында 64 жұмыс орнын құра отырып, 57,1 млрд теңгелік 9 жобаны іске асыру жоспарланған. Дәлірек айтқанда, қайта өңдеу бойынша 16,7 млрд теңгеге 3 жоба, мал шаруашылығында 40,4 млрд теңгеге 6 жоба мақұлданды.