2025 жылы Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 800-ден астам жұмыс орны ашылады
«Ауыл аманаты» бағдарламасы Шығыс Қазақстанда 2023 жылы іске асырыла бастады. Жобаның негізгі мақсаты — ауыл халқының әл-ауқатын арттыру және жұмыссыздық деңгейін төмендету, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жобаның бірінші кезеңінде 105 ауылдық округте және 4 шағын қалада скрининг жүргізіліп, әр округтің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары әзірленді.
Мал шаруашылығын дамытуға (ірі қара мал мен жылқы сатып алуға, қой және құс шаруашылығын дамытуға) 1 224,3 млн теңге сомасына 182 шағын несие берілді.
Өсімдік шаруашылығын, атап айтқанда, жылыжай кешенін және тұқым шаруашылығын дамытуға 25,4 млн теңгеге 3 шағын несие берілді.
Ара шаруашылығына 52,7 млн теңге сомасына 7 жоба қаржыландырылды.
Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға 67,6 млн теңгеге 4 несие берілді.
Ауыл шаруашылығынан тыс қызмет түрлеріне (қонақ үйлер салу, туризмді дамытуға арналған жабдықтар, құрылыс материалдары мен жиһаз сатып алу) 165,1 млн теңге сомасына 17 несие берілді.
Мал шаруашылығында келесі экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізілді: ірі қара мал саны 1 744 басқа артып (жалпы саны — 257 991 бас), жылқы саны 905 басқа (104 429 бас), ұсақ мал саны 1 324 басқа (358 437 бас) көбейді. Шикі сүт өндіру көлемі 12 625 тоннаға (72 745 тонна) ұлғайды.
Ауыл шаруашылығындағы кооперация бойынша (ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері) 309,6 млн теңгеге 12 жоба іске асырылды. Туризм саласында екі жоба, негізгі және айналым қаражатын, техника мен жабдықтарды сатып алуға екі жоба, мал шаруашылығын дамытуға сегіз жоба қаржыландырылды. Оның ішінде бес жаңа кооператив құрылды.
2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға 7 млрд 39 млн теңге жоспарланған. Алайда өткен жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттен тек 2,5 млрд теңге бөлінді.
Өткен жылы Несие комитетімен 72 жоба мақұлданып, жалпы сомасы 1,0 млрд теңгеге несие берілді. Оның ішінде:
• Туризмді дамытуға — 473,6 млн теңгеге 29 жоба;
• Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге — 306,3 млн теңгеге 26 жоба;
• Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға — 70,8 млн теңгеге 6 жоба;
• Ауыл шаруашылығынан тыс қызмет түрлеріне — 149,3 млн теңгеге 11 жоба іске асырылды.
Өткен жылы қайтарымды қаражат көлемі 133 млн теңгені құрады. Осы қаражат есебінен екі ауыл шаруашылығы кооперативіне техника сатып алуға және туризмді дамытуға 59,0 млн теңге көлемінде несие берілді.
Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 3,0 млрд теңге бөлінді. 2024 жылдың өтпелі қаражаты мен 2025 жылға көзделген қаражатты ескерсек, жалпы сомасы 4,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл сомаға 553 жоба қаржыландырылып, 800-ден астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
ШҚО әкімінің орынбасары атап өткендей, бюджет қаражаты келесі басым бағыттарға жұмсалады: туризмді дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу.
Өткен жылдың өтпелі қаражаты бойынша 330,8 млн теңгеге 29 жоба мақұлданды.
Фото: Редакция мұрағатынан