KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
523.2 594.3 6.38

«Ауыл аманаты»: биыл ШҚО-да 4,5 миллиард теңгенің несиесі беріледі

11.04.2025, 10:00 199 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына кәсіп ашу және дамыту үшін несие беріледі. Бұл жұмыс ауылдағы жұмыссыздықты азайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ШҚО-да 2023 жылы басталды. Алғашқы жылы тұрғындардан 213 өтінім мақұлданып, 1,5 миллиард теңгеден астам несие берілген. Соның нәтижесінде ауылдарда кәсіпкерлер саны артып, жұмыссыздар қатары қысқарды.

2024 жылы бағдарлама аясында 7 миллиард теңге бөлу жоспарланғанымен, республикалық бюджеттен тек 2,5 миллиард теңге қарастырылды. Бұл қаражат есебінен 1 миллиард теңгеге 72 жоба қаржыландырылды.

2025 жылы бағдарламаға 3 миллиард теңге бөлінеді. Сонымен қатар 2024 жылдан қалған қаржыны қоса есептегенде жалпы көлемі 4,5 миллиард теңгеге жетеді. Бұл қаражатқа облыста 553 жоба қаржыландырылмақ.

Бюджет қаражаты бірнеше басым бағыттарға жұмсалады: туризмді дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сатып алу.

Облыстық мәслихаттың ХХ сессиясында ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова қазіргі уақытта өңірде жалпы сомасы 330 795 000 теңгеге 29 жоба мақұлданғанын айтты.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу