KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
494.63 583.22 6.42

ШҚО тұрғындарына ескерту: найзағай, бұршақ, дауыл және қатты жел күтіледі

30.06.2025, 08:00 352 Төлеуғазы Жансая

30 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында ауа райы күрт құбылады, деп хабарлайды «Қазгидромет» ШҚ филиалы. Күннің екінші жартысында өңірдің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Сонымен қатар, жел бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Өскемен қаласында да ауа райы жайлы болмайды – күндіз қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу