KZ
Өскемен
-1°
снег жел 8 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

ШҚО-да пошта қызметтері нарығына талдау жүргізілуде

Фото: inbusiness.kz

28.08.2025, 18:00 212 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті пошта қызметтері нарығына жоспарлы талдау жүргізуде. Зерттеу 2024 жыл мен 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығын қамтиды.

Талдау барысында пошта байланысы бойынша бандерольдер мен сәлемдемелерді жеткізу қызметіндегі бәсекелестіктің деңгейі, бағалар және нарыққа кіру кезіндегі кедергілер бағаланбақ.

Бұл жұмыс - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2025 жылға арналған жоспарында көзделген міндеттердің бірі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу