Зайсан ауданында ҚТҚ әкетуге арналған тендер монополияға қарсы органның талабынан кейін өткізілді
Зайсан ауданының әкімдігі қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау және тасымалдау қызметін ұйымдастыру мақсатында конкурс (тендер) өткізді. Бұл шара Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін жүзеге асырылды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Монополияға қарсы орган Зайсан ауданы әкімдігінің Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 367-бабының 2-тармағына сәйкес, ҚТҚ нарығына қатысушыларды анықтау үшін тиісті тендер өткізбегенін анықтады. Осылайша, мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы әрекетсіздігі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабын бұзуға алып келуі мүмкін еді.
Монополияға қарсы органның хабарламасынан кейін, әкімдік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жойып, талаптарды толық көлемде орындады.