KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

ШҚО-да май нарығы «сүзгіленуде»: Бәсекелестікке жоспардан тыс талдау басталды

29.05.2025, 09:30 224 Гульжан Мусина

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс шекараларындағы күнбағыс майын көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспардан тыс талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл шара нарықтағы әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету, тұтынушылар құқығын қорғау және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында қолға алынған.

Талдау барысында мынадай негізгі бағыттар қамтылады:

  • күнбағыс майы нарығының тауарлық және географиялық шекараларын анықтау;
  • өзара алмастырылатын тауарларға қойылатын критерийлерді белгілеу;
  • нарық көлемін және ондағы негізгі ойыншылардың (нарық субъектілерінің) үлесін есептеу;
  • бәсекелестік ортаның жай-күйін бағалау;
  • нарыққа кіруге тосқауыл болатын факторларды (кедергілер, қиындықтар, шектеулер) анықтау;
  • монополияға қарсы заңнаманың ықтимал бұзушылықтарын тексеру.

Аталған талдау нәтижесінде күнбағыс майын көтерме сату саласындағы әділ бәсекелестікті шектейтін немесе нарықтағы баға мен ұсынысқа теріс әсер ететін әрекеттер анықталған жағдайда, тиісті құқықтық шаралар қабылданатын болады.

Департамент өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл жұмыс азаматтардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қолжетімділігін арттыру және өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу