KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Тарбағатай ауданының әкімдігі тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуге тендер өткізді

https://okg.kz/

17.09.2024, 14:48 313 Айжанат Бақытқызы

       Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тарбағатай ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 367-бабының 2-тармағы талап еткендей, жинау және тасымалдау үшін қатты тұрмыстық қалдықтар нарығына қатысушыларды айқындауға конкурс өткізбегенін анықтады.

       Тарбағатай ауданының әкімдігі әрекеттерінде мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) белгілері байқалды, бұл Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының 1-тармағына сәйкес бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкелуі мүмкін.

       2024 жылғы 24 маусымда Департамент бөлімге бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жоюды талап етіп хабарлама шығарды.

        Бүгінгі күні хабарлама толық көлемде орындалды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу