Астана – тәуелсіздіктің жемісі
фото: gas-kvas.com
Астана – тұтас әлемді өз елі мен халқына деген шексіз сүйіспеншілігінің белгісіндей етіп қасиетті қазақ жеріне, өз даласына қондырып, орнықтыра білген өзіндік бір әлемі! Абыройы асқан Астана! Әлемді сүйсіндіріп таңғалдырған Астана! Дүниеге даңқы жайылған Астана! Қазақ елінің бағын жандырған Астана! Сол қазақ елінің бүгінгі елордасы – Астана қаласы жайлы сыр толғар көңіл түкпірінде жатқан осы бір үш ауыз сөздің дәл осы бір сәтте жүректен үн қатарын қайтерсіз!
Тарихтың аса бір қысқа мерзімінде бой көтеріп, әлемнің әрідегі замандарында, яғни ғасырлардан асып түсер кезеңдерден бері астана болып келе жатқан талай да талай бір әйгілі де әйдік қалалардан өзінің сәні мен салтанатын да, сәулеті мен дәулетін де асырып, адамзаттың бүгінгі өркениеті алдындағы өзінің тарихи миссиясын да адал атқарып, адам баласының жақсылықтар мен татулық, бірлік пен ынтымақтастық және бауырмалдық үмітінің шырағын жағып келе жатқан Астана даңқы әлемге қазақ елінің даңқы болып жайылғандығын да айтқан ләзім.
Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!» деген осы бірауыз сөзін әлемге паш етіп тұр! Әне, қазақ елі мен халқының көне тарихының бедерлі белгілерімен өрнектелген «Мәңгілік ел» қақпасы! еркіндік пен елдіктің мәңгілігінің символына айналған «Бәйтерек!» Бұл «Бәйтерек» барша қазақ жұртын биіктерге шақырып тұрар қуатымен де, өзінің асқақтығымен де, арманды болашағымен де қымбат тұғыр! Елдігіңді, сол елдігіңнің кеңдігі мен теңдігін, арманды болашағыңның бүгіннен де ертеңгі кемелділігін білгің келсе, қасиетті «Бәйтеректің» биігіне шығып тұр әрдайым!
Тәуелсіздік туы желбіреген бас қала өз төрінде маңызды іс-шараларды өткерген. Солардың бірі “ЭКСПО-2017” көрмесі. Бұл көрме төрткүл дүне елдеріне тәуелсіздік жемісін, елдің жетістіктерін, ел дамуын паш етті. Тәуелсіздіктің біз көріп отырған бейбіт әлемі қан төгіс пен көптеген сынақтар арқасында келген. Тәуелсіздік таңын көру, жету үшін талай атаоарымыз бен бабаларымыз жанын пида еткен. Қан мен термен келген тәуелсіздік жемісін біз, кейінгі ұрпақ көрудеміз. Тәуелсіздік болмаса, ел еркіндігі жоқ болса тұтас болып бір мемілекет бола алмайды. Себебі бұл мемлекет болудың басты факторларының бірі.
Қорытындылай келе, талайдың көзайымына айналған бас шаһар әсемдігімен қоса, жоғарғы талаптарға сай заманауи болуымен бірге баңызы да аспандай. Әр ел астанасы сол ел атымен бірге бренд тәріздес үнемі қос болып жүреді. Барлық маңызды шешімдер шешілетін қала болып табылады. Еліміздің көк байрағы бик тұрған ел-ордамыз сол үшін тәуелсіздік жемісі ұғымына айна тәріздес, егіз ұғым. Ел мен жер аралығына шекара сызықтары түскенімен, адамдардың көңілдері мен ниеттерінің, жүректері мен ой мүдделерінің аралығында ешқандай сызық жоқ екендігінің тағы бір куәсі болдық.
Талай бір өнер мен мәдениеттің майталман өкілдерінің бір-бірімен жадыраған жарқын көңілдері мен сағынышқа да, әлдебір ізгілікке де толы құшақтарының қауышқандығын көрдік. Иә, біздің Астана – әлемнің үмітті астанасы.
З.Раймханова,
Өскемен қаласының мамандандырылған
тергеу сотының судьясы