ШҚО-да «Жас ұлан-2023» әскери-патриоттық ойындары өтті
Өскемен гарнизонында әскери-патриоттық спорт клубының курсанттары арасында облыстық «Жас ұлан-2023» спорттық сайысы өтті.
Аталған шарада аймақтың әр өңірінен келген 70-тен астам жасөспірім бақтарын сынаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қатысушылар саптық және атыс даярлығы (пневматикалық пистолеттен оқ ату), АК-74-ті бөлшектеу және құрастыру, әскери-спорттық сайыстар, тартылу мен қолдың бұлшық еттерін қатайту бойынша сайысқа түскен.
«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойындар нәтижесінде оқ бойы озық шыққан балалар жүлделі орындарды иеленді.
Сайыс қорытындысы бойынша үшінші орынды №49 мектеп иеленсе, Тарбағатай ауданынан келген жасөспірімдер екінші орынды қанжығаларына байлады. Ал өзгелерден оқ бойы озық шыққанАлтай ауданынан келген №8 мектеп окушылары бірінші орынға ие болды.