KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Шығыс Қазақстанда кино билеттері қымбат – сарапшылар

фото: oqu.news

4.12.2023, 20:09 133 Оразай Жеңісұлы

EnergyProm сарапшыларының дерегіне сүйенсек, облыс орталығында кинотеатрлар қызметінің құны өте жоғары. Өскемен Түркістаннан кейін екінші орында тұр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қазан айында кинотеатр билетінің бағасы ел бойынша орташа есеппен 2 033 теңге болған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың қазанындағымен салыстырғанда 14,1 пайызға жоғары.

Өңірлер арасында ең жоғары баға Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Билеттер құны бірден 43,7 пайызға көтерілген. Үштікте Қызылорда және Абай облысы бар.

Қалалар бойынша Түркістан (2 746 мың теңге) бірінші, Өскемен (2 699 теңге) екінші сатыда. Ең арзан кино билеттері Қарағандыда – 1 357 теңге.

Әлемдік рейтингке келетін болсақ, Қазақстан 99 елдің арасында 31-ші орында. Бұл рейтингтегі ТМД елдерінің арасында Армениядан кейін екінші орында тұрмыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив