ШҚО-да пойыз билеті арзандады
Фото: sknews.kz
Energyprom сарапшыларының дерегіне сүйенсек, қазан айында алты өңірде пойыз билеттері арзандады.
Шығыс Қазақстан облысында теміржол билетінің бағасы өткен жылы қазан айында болған бағадан, шамамен, жеті пайызға төмендеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Пойыз билеті арзандаған өңірлер:
Жетісу облысы (-10,4%);
Шығыс Қазақстан облысы (-6,7%);
Атырау облысы (-5,7%);
Шымкент (-5,1%);
Алматы облысы (-2,4%);
Қызылорда облысы (-1%).
Сондай-ақ елімізде теміржол жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 7,9%-ға өскенін айта кетейік.
2023 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстан бойынша теміржол көлігімен 16,6 миллион жолаушы тасымалданған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2,2 пайызға көп.