KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
526.81 542.72 5.16

Оқулықтардың да бағасы қымбаттап барады

20.12.2019, 06:03 216

Қазақстанда оқулықтардың бағасы өткен жылмен салыстырғанда, 8 пайызға өскен. Ал Өскемен мен Семей газеті ең қымбат қалалардың көшін бастап тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Energyprom сарапшыларының айтуынша, елімізде оқу-анықтамалық әдебиет 7,9 пайызға қымбаттаған. Орташа баға – 1406 теңге. Ең жоғары бағалар Көкшетау, Шымкент және Нұр-сұлтанда тіркелді. Ал қараша айының қорытындысы бойынша, апталық газеттердің орташа бағасы 109 теңге. Бұл көрсеткіш те 7,9 пайызға артып отыр. Ел көлемінде ең қымбат газетті оқитындар – Атырау, Өскемен және Семей қаласының тұрғындары.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның кітап нарығы шетелдік өнімдерге толы. «Кітапқұмар Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген мәліметтерге сүйенсек: Ресей баспаларының қазақстандық кітап нарығындағы өнім үлесі 65-тен 90 пайызға дейін, қазақстандық баспалардың өнім үлесі 10-нан 35 пайызға дейін. Көркем әдебиетке келер болсақ, барлық кітаптың 90 пайызы ресейлік баспаларға тиесілі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу