KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда «КИБЕР ТҰМАР» ақпараттық-білім беру науқаны басталды

Фото: gov.kz

8.02.2024, 14:40 160

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан ЮНИСЕФ-пен бірлесіп балаларды цифрлық ортада қорғауға бағытталған «КИБЕР ТҰМАР» ауқымды науқанын бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Науқан кибербуллинг, интернеттегі балаларды қудалау, балаларға тыйым салынған контент, балалардың қауіпсіздігі мен құпиялылығының цифрлық тәуекелдері, балалардың интернетке тәуелділігі және тағы да басқа онлайн қауіптердің алдын алуға бағытталған.

«Интернет – бұл қазіргі кезде тек ақпарат құралы ғана емес, сонымен бірге коммуникация құралы. Сол себептен адамды мұндай ақпарат және коммуникация құралдарының әлеуетті мүмкіндіктерін барынша саналы, пайдамен және зияны тимейтіндей етіп қалай қолдану керектігін жас кезінен үйрету керек. «КИБЕР ТҰМАР» ақпараттық-білім беру науқанын өткізу - балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін, ата-ананың баланың онлайн ортада ақпаратты таңдауға деген «иммунитетін» қалыптастыру бойынша жауапкершілігін күшейтуге көмектесетін маңызды шара»,- деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.


                                                                      Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу