KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Балалар орталықтары көпфункционалды болуы тиіс

Фото: primeminister.kz

31.07.2023, 09:30 751

Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова төрағалық еткен кеңесте министрліктер мен әкімдіктердің балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сумен қамту, мектептердің санитариясы, тамақтандыруды және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мен сауықтыру лагерьлерін құру жөніндегі жұмыстарының қорытындылары тыңдалды.

Оқу-ағарту, Ішкі істер, Цифрлық даму министрліктеріне білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйесіне қойылатын талапты қамту тапсырылды, деп хабарлайды Altaynews primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан бейнекамераларды тексеру нәтижелері, мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамту жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмі туралы баяндады.

Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Сауда және интеграция министрліктеріне халықаралық талаптарды ескере отырып, мектептердегі санитария мен гигиенаның ұлттық стандартын әзірлеу тапсырылды.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар министрліктеріне жазғы лагерьлердің қызметін мұқият зерделеп, орын алған барлық кемшіліктерді жоюды және келесі маусымда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды.

– Балалардың демалысы мен бос уақытын өткізетін нысандар, балалар орталықтары көпфункционалды болуы тиіс, онда балалардың жан-жақты, зияткерлік, шығармашылық, физикалық дамуы қамтамасыз етілуі қажет, – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу