KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскемендік оқушылар шаңғы теуіп, арқан жолмен сырғанады

көрнекілік сурет: hotelservise.ru

12.03.2024, 10:08 132 Оразай Жеңісұлы

Өскемен іргесіндегі «Алтай Альпісі» тау шаңғы курортында «Денсаулық күні» деп аталатыен іс-шара өткізілді.

Мұнда түрлі байқаулар мен эстафеталық ойындар ұйымдастырылды,  деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Бұл іс-шара халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 10-16 жас аралығындағы оқушылар үшін өткізілді. Әртүрлі ойындардан құрылған бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар шаңғы теуіп, арқан жолмен сырғанады», - деп жазды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына.

Қала әкімінің айтуынша, «Денсаулық күні» 30 сәуірге дейін жалғасады. Қазірдің өзінде бұл шараға 180 бала қатысып үлгерді. Осы аптада тағы 40 бала демалып қайтады деп жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив