Рекорд: Кинотеатрлар 37 млрд теңге табыс тапты
фото: depositphotos.com
2023 жылы кинотеатрлар рекордтық табыс тапты — 37,3 млрд теңге. Бұл пандемияға дейінгі деңгейден 75% жоғары, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Былтырғы жыл көрермендерді тарту жағынан да сәтті болды. Кино көруге келгендердің жалпы саны ең жоғары деңгейге жетті - 21 млн.
Ал киносеанстардың саны 2022 жылғы деңгейде қалды — 985,4 мың.
Көрсетілген әрбір үшінші фильм отандық туынды. Мұндай жағдай бір жыл бұрын да болған еді. Яғни, соңғы екі жылдың деңгейі - ең жоғары деңгей. Салыстыру үшін айтсақ, 2013 жылы тиісті үлес тек 6,2% болған.
Отандық туындылар көрермендерді жақсы жинай бастады. 2023 жылы әр сеансқа орта есеппен 27 адам барған (жылдан жылға +35%).