KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Самұрық-Қазына: 1 жылдағы табыс рекордтық деңгейге жеткен

Фото: egemen.kz

22.06.2023, 15:07 178

«Самұрық-Қазына» 1 жылда рекордтық табыс тапты.

Бұл туралы аталған қордың экономика және қаржы жөніндегі директоры Назира Нұрбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Өндірістік оң көрсеткіштер шикізатқа жоғары бағамен қосыла келе, топтың қаржылық нәтижесіне позитивті әсерін тигізді. Түсім 14 трлн теңгені құрады. Бұл 2021 жылғы нәтижемен салыстырғанда 4 трлн теңгеге жоғары. Көрсеткіш 26 пайызға жақсарды, – деді ол қорда өткен баспасөз мәслихатында.

Назира Нұрбаева түсім аффинирленген алтын сату көлемін арттыру, сонымен қатар өңделген газ экспортын 48 пайызға ұлғайту есебінен өскенін мәлімдеді.

– 2022 жылы топ рекордтық таза табыс тапты. Ол 1,9 трлн теңгені құрап отыр. Алға қойған жоспар 24 пайызға артығымен орындалды. Әрине, жоспарда Brent маркалы мұнайдың баррелі 90 доллар деңгейінде бекітілсе, іс жүзінде баға 100 доллар болды. ҚазақГаз да көрсеткіштерін жақсарта түсті. Телекоммуникация операторларының қызметі 73 млрд теңгеге жақсарды, – деді Назира Нұрбаева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив