KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Ауыл шаруашылығына 69 миллиард теңге инвестиция салынды

Фото: Шартты сурет

20.04.2023, 19:22 361

2022 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция 69 млрд теңгені құрады. 
Бұл туралы ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рамиль Сағандықов Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Рамиль Сағандықов брифинг барысында өңірдегі агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2022 жылғы қорытындылары мен 2023 жылға арналған міндеттері турасында баяндама жасады. 
Оның айтуынша, өткен жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 527 млрд теңгені құраған. Бұл 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 118%-ға артық. Ал нақты көлем индексі – 103%. 
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар былтыр 69 млрд теңгеге жетті. Бұл 2021 жылғы деңгейге қарағанда 142 %-ға өскен.  
Өткен жылы азық-түлік өндірісінің негізгі капиталына 22 млрд теңге сомасында инвестиция салынған. Мұндағы өнім құны 229 млрд теңгені құрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу