KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2 м/с, В
497.89 525.12 5

Ауылға жұмыс істеуге баратын жастарға 369 мың теңге төленеді

Фото: gov.kz

13.06.2024, 16:44 324 Айжанат Бақытқызы

Елімізде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаладан ауылға жұмыс істеуге баратын мамандарға берілетін төлем мөлшері көбейтілмек. Ұлттық экономика министрлігі бағдарламаға өзгертулер енгізіп, жаңа жобаны қоғам талқысына шығарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қаладан ауылға баратындарға тұрғын үй алуға берілетін қаржы да ұлғайған. Аудан орталықтарына баратын қызметкерлер 0,01 пайызбен 9 миллионнан астам теңге, ауылда еңбек ететіндер 7 миллион теңгеге несие рәсімдей алады.

2009 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан бағдарламаға дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік көмек қызметкерлері, мәдениет пен спорт мамандары және ауыл шаруашылығы қызметкерлері қатыса алады.

«Негізгі талаптардың бірі – соңғы екі жылда қызмет алушының 90 күннен асқан берешегі болмауы керек. Яғни несиесін мерзімінен кешіктірмей төлеуі қажет. Мұндай әлеуметтік қолдау шараларына ие болған маман ауылда үш жыл жұмыс істеуге міндетті», – деді ҰЭМ ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту басқармасының бас сарапшысы Гүлмира Тынабекова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу