KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 3 м/с, Ю
509.84 595.75 6.47

«Дипломмен ауылға»: биыл ШҚО-да 348 маманға көтермеақы төленеді

Фото: pavon.kz

14.05.2024, 14:35 375 Ержан Әбіш

2009 жылдан бастап елімізде «Дипломмен ауылға» жобасы табысты іске асып келеді. Жоба міндеті – ауылдарға жұмыс істеу үшін келген денсаулық, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіп, мемлекеттік қызмет саласындағы дипломды мамандарға көтермеақы және үй сатып алуға не салуға бюджеттік несие беру, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек 100 АЕК (369 200 теңге) мөлшерінде біржолғы көтермеақы, аудан орталықтарында 2500 АЕК (9 230 000 теңге), ауылдарда 2000 АЕК (7 384 000 теңге) мөлшерінде үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде ұсынылады.

Бюджеттік кредиттер аудандардың жергілікті атқарушы органдарына беріледі, олар кейін ауылдарға жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіп саласындағы мамандарға 0,01% мөлшерлемесі бойынша 15 жылға дейінгі мерзімге үй сатып алу немесе салу үшін кредит ұсынады.

Былтыр «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 113 маманға (білім – 63 адам, денсаулық сақтау – 27 адам, мәдениет – 1 адам, спорт – 5 адам, әлеуметтік қорғау – 3 адам, АӨК – 7 адам, мемлекеттік қызмет – 7 адам) үй сатып алуға республикалық бюджеттен кредиттер берілді, 325 маманға (білім – 192 адам, денсаулық сақтау – 80 адам, мәдениет – 8 адам, спорт – 14 адам, әлеуметтік қорғау – 5 адам, АӨК – 17 адам, мемлекеттік қызмет – 9 адам) жергілікті бюджеттен көтермеақы төленді.

Осы жылы 159 маманға (білім – 62 адам, денсаулық сақтау – 40 адам, мәдениет – 10 адам, спорт – 13 адам, әлеуметтік қорғау – 6 адам, АӨК – 10 адам, мемлекеттік қызмет – 18 адам) бюджеттік кредиттер беру, 348 маманға (білім – 165 адам, денсаулық сақтау – 96 адам., мәдениет – 15 адам, спорт – 20 адам, әлеуметтік қорғау – 14 адам, АӨК – 17 адам, мемлекеттік қызмет – 21 адам) көтермеақы төлеу жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу