KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

«Дипломмен ауылға» жобасымен берілетін бюджеттік несиенің көлемі өсті

Фото: gov.kz

8.02.2024, 23:17 396

Былтыр жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшеріне өзгерістер енгізілді. 2024 жылдан бастап аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандарға бюджеттік кредит көлемі 2 500 АЕК-ке (9,2 млн теңге) дейін немесе ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке, яғни 7,3 млн теңгеге дейін өсті деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігі «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыруда. Аталған министрліктің хабарлауынша, бағдарламаға келесі салалар бойынша мамандар қатыса алады: денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттының мемлекеттік қызметшілері.

Әлеуметтік қолдау шаралары:

100 АЕК (345 мың теңге) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу. Тұрғын үй сатып алуға жылдық несие сомасынан 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға 1500 АЕК-ке (5,2 млн.теңге) дейін бюджеттік несие беру.

2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан астам маманға 17 млрд теңге сомасында көтерме жәрдемақы берілсе, 45 мыңнан астам маман тұрғын үй сатып алу үшін 142,5 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие алды.

Былтыр 3,6 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін 18,6 млрд теңге қарастырылды.

Былтырғы сәуір айынан бастап «Отбасы банкі» жоба операторы болып тағайындалды. Бағдарлама цифрлық форматқа ауыстырылды. Өтінімдер Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталында https://otbasybank.kz/programm-bank/  онлайн режимде қабылданады.

 

Жанаргүл Мұқатай

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив