Серебрянка гарнизонында жамбылдық жас сарбаздар ант берді
Шығыс Қазақстан облысының Серебрянка гарнизонында Жамбыл облысынан келген жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің 97638 әскери бөлімінің қатары 30 жас сарбазмен толықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Салтанатты ант беру рәсіміне әскер қатарына қабылданған сарбаздардың ата-аналары қатысып, маңызды сәттің куәсі болды. Ал келе алмағандар бейнебайланыс арқылы қосылып, құттықтады.
«Бүгін біз ел алдында ғана емес, сонымен қатар Отан қорғауды мұра етіп қалдырған ата-бабаларымыздың алдында да ант береміз. Мен үшін әскери борышымды өтеу зор мақтаныш», - дейді жас сарбаз Лев Павленко.
Оқи отырыңыз