KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

Шығысқазақстандық жас сарбаздар әскерге аттанды

14.10.2022, 15:17 305

Облыс орталығында жақында ғана ашылған Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақта әскер қатарына алынған жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 

Отан алдындағы борышын өтеу – әрбір азаматтың парызы. Өңірде күзге әскерге шақыру науқаны жүріп жатқаны белгілі. Ата-бабамыздан келе жатқан «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» деген тәмсіл бар. Осы ұранмен шығысққазақстандық 50 сарбаз БҚО Ақтау қаласына аттанды. Олар ҚР Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері қатарын толықтырмақ.

Салтанатты шараға жас сарбаздардың ата-ана, туған-туыстары, жас сарбаздар, әскерилер мен ШҚО әкімінің орынбасары Нұрбаев Ержан қатысты.

-        Бүгін біз ҚР Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай әскер қатарында алынған сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсіміне арнайы жиналып отырмыз. Әскер қатарына алынған күн – әрбір азаматтың есінде мәңгі қалары сөзсіз. Бұл өте күрделі және жауапты қадам. Десе де, мен еліміздің армиясы ата-бабамыздың жолын жалғайтын нағыз патриот азаматтармен толығатынына сенімдімін. Ұлттық қауіпсіздік біздің баға жетпес байлығымыз. Олар бүгінде еліміздің тыныштығын, бейбітшілігі мен тұрақтылығын күзетіп отыр, - деді ШҚО әкімінің орынбасар Ержан Ақтанұлы.

6d843f37-7a64-45ba-91bc-0da12a95aaea.jpg

Айта кету керек, биыл облыс бойынша күзгі әскерге шақыру науқанында 1315 азамат отан алдындағы борышын өтеу үшін шақырылған. Сайдың тасындай сапқа тізілген жас сарбаздардың бірі 18 жастағы Сембаев Саят.

-        Менің ойымша, еліміздегі әрбір азамат өзінің азаматтық борышын өтеуге міндетті. Сондықтан өз еркіммен әскерге баруға шешім қабылдадым. Біздің қазір ең басты мақсатымыз – ел тыныштығын күзетуге атсалысып, нағыз азамат ретінде отан алдындағы борышымызды өтеп, елге аман-есен қайтып оралу, -дейді ол.

Жыл басынан бері ҚР Ұлттық ұланы, ҚР Қарулы күштері, шекара қызметі мен Қорғаныс министрлігінде 1070  жас сарбаз отан алдындағы борышын өтеген. Сондай-ақ 36 курсант еліміздің жоғары оқу орындарына, 250 әскерге шақырылушы әскери-техникалық мектепке түсті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу