ШҚО: Сарбаздар аналары комитетінің өкілі әскери өмірмен танысты
Өскемендегі сарбаздар аналары комитетінің өкілі Наталья Косолапова Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштеріне қарасты 97638 әскери бөлімінде болды.
Әскери бөлім Серебрянск қаласында орналасқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шара «Сарбаз қызметі аналар көзімен» акциясы аясында ұйымдастырылған.
Ата-аналар комитетінің өкілі әскери бөлімдегі мерзімді қызметтегі сарбаздардың тұрмыс жағдайын, сондай-ақ олардың бос уақытында немен айналысатынымен танысты. Сарбаздардың күн тәртібін әдеттегі үйдегі өмірмен салыстыруға болмайды.
Сонымен қатар комитет өкілі ата-аналар мен сарбаздардың аналары арасындағы байланысты тұрақты жүргізу аса маңызды екенін атап өтті. Одан бөлек әскери ортадағы туындаған мәселелерді уақтылы шешу бойынша шаралар жедел қабылданатынын айтты.
97638 әскери бөлімінің басшылығы келген меймандарға ынтымақтастықты нығайту және әскери қызметке деген сенімді арттыру ісінде табыс тіледі. Әрі алдағы уақытта бірлесіп қызмет атқаруға шақырды.