KZ
Өскемен
-15°
туман жел 2 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

Әскерде жүрген азаматтарға жаңа несие берілмейді

19.01.2026, 17:16 118 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға қатысты несие беру мен қарыз төлемін кейінге қалдыру тәртібі нақтыланбақ. Бұл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген қаулы жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасында әскерге шақырылғандар туралы мәлімет алмасу жүйесі енгізіледі. Бұл ақпарат банктер мен микроқаржы ұйымдарына азаматтың әскери қызметте жүргенін немесе қызметтен босатылғанын көруге мүмкіндік береді.

Егер азамат мерзімді әскери қызметін өтеп жүрсе, банктер мен микроқаржы ұйымдары оған жаңа несие бермейді. Ал әскерге шақырылғанға дейін алынған қарыздар бойынша төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен қатар, бұл мәліметтер азаматтың кредиттік тарихында көрсетіледі.

Жоба Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» заңының талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген.

Құжат 2026 жылғы 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу