KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.63 583.22 6.42

Бүгіннен бастап әскери кафедраға өтініш eGov.kz арқылы қабылданады

modgovkz

1.02.2026, 12:30 143 Төлеуғазы Жансая

1 ақпаннан бастап қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері әскери кафедраға түсу үшін өтінішті енді үйден шықпай-ақ, eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсыра алады. Бұл жаңашылдық құжат жинау мен тапсыруды айтарлықтай жеңілдетіп, студенттердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – қызмет еліміздің барлық өңіріндегі жастар үшін бірдей қолжетімді , деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әскери кафедрада оқу студенттерге негізгі мамандығымен қатар әскери даярлықтан өтуге жол ашады. Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған түлектерге «запастағы лейтенант» немесе «запастағы кіші сержант» атағы беріледі. Бұл болашақта еңбек жолында да, азаматтық өмірде де қосымша мүмкіндік пен тәжірибе саналады.

Өтінішті күндізгі бөлімде оқитын бакалавриат студенттері бере алады, ал қабылдау 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Жаңа форматтың тағы бір артықшылығы – тексеру процестерінің автоматтандырылуы. Жүйе үміткердің денсаулығына, соттылығының бар-жоғына қатысты мәліметтерді мемлекеттік базалар арқылы өзі тексереді, ал жеке деректер мен білім туралы ақпарат пайдаланушының қатысуынсыз алынады.

Онлайн қызмет бірнеше қарапайым қадамнан тұрады: порталға кіріп, қажетті бөлімді таңдау, деректерді толтыру және сұранысты электронды түрде растау жеткілікті. Өтініштің нәтижесі жеке кабинетте көрсетіледі, ал шешім бес жұмыс күні ішінде қабылданады. Бұл бастама мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу