KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, СБ
505.17 599.54 6.59

Отан алдындағы борышын адал өтеп, студент атанды

24.01.2026, 13:30 604 Базарова Айгүл

Мерзімді әскери қызметте Отан алдындағы борышын өткерген ақтөбелік Ануар Аринов мемлекет тарапынан ұсынылған мүмкіндіктің арқасында Шығыс Қазақстан облысындағы жоғары оқу орнына грантқа оқуға түсіп, студент атанды деп хабарлайды Altainews.kz.

Әскери борышын өтеу кезеңінде ұсынылған бұл бағдарлама жас сарбазға азаматтық өмірде жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бір жылдан кейін Ануар университет жанынан ашылған Қабанбай батыр атындағы әскери кафедраға мерзімді әскери қызметін өткерген азамат ретінде байқаусыз қабылданды. Қазіргі таңда ол негізгі білімін алып қана қоймай, әскери кафедрада да қатар оқып жүр.

– Бастапқыда мұндай мүмкіндік болатынына сену қиын болды. Қазір университетте де, әскери кафедрада да білім алып жатырмын. Алдағы уақытта лейтенант шенін алып шығуды мақсат етемін, – дейді Ануар.

Айта кету керек, Ануар Аринов әскери отбасында тәрбиеленген сарбаз. Оның әкесі ұзақ жылдар бойы шекара қызметінде еңбек етіп келеді. Сондықтан Отанға қызмет ету Ануар үшін жай міндет емес, өмірлік ұстаным әрі саналы таңдау.

Мерзімді әскери қызмет тек борыш емес, болашаққа жол ашатын нақты мүмкіндік. «Срочник 2.0» бағдарламасы арқылы бүгінде көптеген жас сарбаз жоғары білім алып, елге қызмет етудің жаңа деңгейіне көтерілуде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу