ШҚО-да 74 студент запастағы кіші сержант шенін алды
2019 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қабанбай батыр атында әскери кафедра ашылған еді.
Аталмыш кафедрада «Запастағы кіші сержант» әскери шенін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Іс-шараға облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Қайырқанов Қайырбек Сайлаубекұлы, облыстық Ауғанстан соғысының ардагерлері одағының төрағасы Мусин Қайрат Маратұлы және Ауғанстан Республикасында әр уақытта қызмет еткен, қазіргі уақытта Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жұмыс істейтін интернационалист-жауынгерлер қатысты.
«Отанды қорғау бұл біздің азаматтық борышымыз. Сондықтан Отанға деген сүйіспеншілікті, ер азаматтардың бойындағы айбын, жігер, күш-қайратты біз мектепте де, жоғары оқу орнында да, кез келген ортада оятып, дамытып отыруымыз керек. Ал біздің интернационалист-жауынгерлеріміздің ерлгі оларға үлгі болады», -деді запастағы кіші сержант Сымбат Амантай
Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша «атқыштар», «жеке құраммен жұмыс», «материалдық қамтамасыз етудің біріккен түрлері» мамандықтарын тәмамдаған 74 студентке запастағы кіші сержант әскери шені табысталды.