KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Елімізде запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылатын болды

31.01.2023, 16:21 559 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда 2023 жылғы 26 қаңтарда "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулы қабылдады.

Бұл құжат бойынша биыл әскери қызметке жарамды және оны өтемеген 345 запастағы офицер офицерлік құрамдағы әскери борышын өтеу үшін 24 айға мерзімді әскери қызметке шақырылады, деп хабарлайды Altaynews Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда:

ҚР Қарулы Күштеріне - 260 адам;

ҰҚК Шекара қызметіне - 60 адам;

Төтенше жағдайлар министрлігіне - 16 адам;

Ұлттық ұланға - 9 адам.

Регламент 2023 жылдың 10 ақпанында күшіне енеді.

Қорғаныс министрлігі  "Әскери қызметке міндеттілерді 2023 жылға дейін әскери қызметке шақыру туралы" бұйрық дайындап отыр.  "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңға сәйкес 1500 әскери қызметке міндетті адамдар әскери дайындықтан өтуге шақырылады.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу