KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 1 м/с, ОБ
505.53 593.44 6.34

Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері қайта жанданады

Фото: Александр Шушеньков

12.09.2025, 12:00 188 Төлеуғазы Жансая

13 қыркүйекте Өскемендегі «Алтай» көтерме-тарату орталығы аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін тұрғындар жергілікті өндірушілердің өнімдерін қолжетімді бағамен сатып ала алады. Сауда қатарларында ет және шұжық өнімдері, сүт тағамдары, бал, көкөніс, жеміс-жидек және өңір шаруашылықтарынан жеткізілген өзге де тауарлар ұсынылады.

Мұндай форматтағы жәрмеңкелер өскемендіктер арасында ерекше сұранысқа ие. Өнімдер делдалсыз, тікелей өндірушілерден жеткізілетіндіктен, бағасы қолжетімді әрі сапасы жоғары болып қала береді.

Айта кетейік, қыркүйек айының басында тұрғындардың ыңғайы үшін «Алтай» көтерме-тарату орталығына қатынайтын екі жаңа автобус бағыты іске қосылды. Бұл шешім қала тұрғындарының әр ауданынан жәрмеңкеге жетуін жеңілдетті.

Әкімдіктің хабарлауынша, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі тұрақты түрде, әр апта сайын өткізіліп тұрады. Алдағы уақытта өнім түрлері маусымдық тауарлармен толықтырылып, өңірдің жаңа фермерлік шаруашылықтары да қатыстырылмақ.

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу