KZ
Өскемен
-20°
плотный туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

Өскеменде бүгін ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

12.04.2025, 09:30 550 Төлеуғазы Жансая

12 сәуір күні Өскеменде ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке Достық үйінің алдындағы алаңда, Назарбаев даңғылы, 68 мекенжайында ұйымдастырылады.

Сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін өтетін жәрмеңкеде қала мен жақын маңдағы ауданның ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Сатып алушылар үшін кең ассортимент ұсынылады:

    •    сүт өнімдері,
    •    ет және шұжық өнімдері,
    •    бал,
    •    көкөніс пен жеміс-жидек,
    •    сондай-ақ басқа да күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік түрлері.

Жәрмеңке тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді бағамен таза өнім алуға, ал жергілікті кәсіпкерлерге – өз өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу