Прапорщиков ауылында жаңа амбулатория бой көтереді
шартты сурет
Глубокое ауданына қарасты Прапорщиков ауылында жаңа амбулатория бой көтереді.
Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізде болса, Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният келген. Прапорщиков ауылына жаңа амбулатория салу мәселесі сол кезде көтерілді. Министр қазіргі ауыл емханасының жай-күйін өз көзімен көрді.
Жалпы алдағы екі жылда аудандарда 36 медициналық мекеме салынады деген жоспар бар.