KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде мониторингтік топтар белсенді жұмыс атқарып жатыр

4.12.2020, 17:25 138
Өскеменде мониторингтік топтар белсенді жұмыс атқарып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жалпы облыста коронавирустың таралу қарқыны төмендеп келеді. Өңір қауіпті «қызы аймақтан» шықты. Бірақ мониторингтік топтардың белсенділігі бәсеңдеген де жоқ. Тексерушілер кәсіпкерлік нысандарды аралап, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап, қатаң ескерту жасап жүр. Осы ретте сақтық шараларын еске сала кетейік: 
- Нысандағы қызметкерлер күн бойы бетперде және қолғап киюі тиіс (қорғаныс құралын 2 сағат сайын ауыстыру қажет); 
- Қызметкерлерге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының қоры болуы тиіс;
- Әлеуметтік қашықтықты (сауда алаңының 4 шаршы метрі 1 адамға шаққанда) сақтау арқылы келушілер нысан кіре алады;
- Кіреберісте немесе кассалық аймақта тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив