Алтай ауданында көпірден секіріп кеткен адам іздестіріліп жатыр
Фото: ru.pinterest.com
Алтай ауданына қарасты Малеевск ауылында ер адам көпірден секіріп кеткен.
Оқиға орнында болған куәгерлер бірден Алтай аудандық мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне хабар берен, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам көпірден секіріп бірнеше метрге дейін жүзген. Алайда оның жағаға шыққан-шықпағаны белгісіз.
Қазіргі уақытта Бұқтырма су қоймасында іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз