Өскеменде көпірден секіріп кеткен жасөспірім қыздың жағдайы қалай?
Фото: novyefoto.ru
Ертіс өзеніндегі көпірден секіріп кеткен қыздың жағдайы қазір тұрақты.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, яғни 15 ақпан күні Ертіс өзеніндегі көпірден жасөспірім қыз секіріп кеткен. Куәгерлер дереу құтқарушыларға хабарлап үлгерді. Оқиға орнына дереу жеткен №5 құтқару бөлімшесінің басшысы Виталий Скляр жасөспірім қызды мұздай судан алып шығып, көмекке келген екі ер адаммен бірген зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетеді. Артынша қыз бала бірден шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Қызды судан алып шыққан құтқарушы да медициналық тексерістен өтті. Денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, қазір жұмысына кірісіп кеткен көрінеді.