Өскеменде жас жігіт көпірден секіріп кетті

Фото: azattyq-ruhy.kz
Облыс орталығында көпірден секіріп кеткен жас жігіт құтқарылды.
Оқиға 20 тамыз күні болған. Ер адамның көпірден секірмек болғаны туралы хабар алған полиция қызметкерлері мен құтқарушылар дереу арада оқиға орнына келді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Жігіт көпірден Ертіске секірмек болды. Оқиға орнына келген полиция жас жігітпен диалог жүргізуге тырысқанымен, ер адам оны тыңдамастан секіріп кетті. ТЖД мамандары оған құтқару шеңберін лақтырғанымен, жігіттен ешқандай әрекет болмаған. Артынша құтқарушылар қайықпен жүзіп, жігітті судан алып шықты, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Судан аман-есен шыққан ер адам бірден ақ халаттыларға тапсырылды.
Оқи отырыңыз