Алдағы күндері көшкін қаупі сақталды - ШҚО
ШҚО-да алдағы үш күнде қар көшкі қаупі сақталады.
ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметінше, 3-5 желтоқсан аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.
- Ауа райының қолайсыздығына, қалың қар жауып, желдің күшеюіне байланысты таулы өңірдегі таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі мүмкін. Тұрғындарға барынша абай болу керектігін, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ құтқарушылар алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Оқи отырыңыз