Бүгін жауын-шашын болуы мүмкін

Қазгидромет елімізде 12 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Циклон жырасының әсерінен, сондай – ақ онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Республиканың шығысында – қатты жауын-шашын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста-қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, болуы мүмкін, - дейдң синоптиктер.
Күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Оқи отырыңыз