Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады
Қазгидромет 30 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Белсенді оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер бұрынғысынша Қазақстанның бүкіл аумағына өз әсерін тигізеді. Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күн күркірейді, жел күшейеді. Ақмола облысының солтүстік жартысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, түнде Қостанай облысының шығысында, күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз Жетісу, Түркістан, күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Абай облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Оқи отырыңыз