KZ
Өскемен
+16°
гроза жел 4 м/с, В
515.03 584.82 6.24

Алтай ауданының тұрғыны өз бақшасын есірткі алқабына айналдырды

19.07.2022, 11:16 390

Серебрянск қаласында есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Тінту барысында ұсталған адамның үйінен «қарасора» өсімдігінің 74 бұтасы, өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакеті, сондай-ақ ерекше иісі бар заттың бір шайындысы табылып, тәркіленді.

- Сараптама қорытындысына сәйкес, бұталар каннабис өсімдігі болып табылады және жалпы салмағы шамамен 540 грамм болатын есірткі заттарына жатады. Сондай-ақ, тәркіленген пакетте 146 грамнан астам кептірілген марихуана бар екені анықталды, - деп хабарлайды ШҚО ПД Баспасөз қызметі. 

Ер адам өз бақшасында қарасора өсіріп, бір қап марихуананы кір жуғыш машинаға жасырып қойған.

ҚР ҚК-нің 300 - бабы 1-бөлігі, яғни құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу