KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

Ауыл тұрғыны үйінде қарасора өсірген - Глубокое

25.02.2022, 12:51 163

Глубокое аудандық полиция бөлімі қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз культивациялау фактісін анықтады.

28 жастағы аудан тұрғынының үйін тінту барысында бұл факт расталды. Ыдысқа егілген өсімдіктің 5 түбі, жасыл түсті өзіне тән иісі бар ыдыс және кептірілген сабақтар мен жапырақтар түріндегі жасыл зат тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған өсімдік «қарасора» өсімдігі болған және есірткі заттарына жатады. Оның жалпы салмағы - 1712, 40 грамм.

Күдікті егілген өсімдіктерді жеке пайдалану мақсатында өсіргені анықталды.

- Қазіргі уақытта қаскөйге қатысты келу міндеттемесі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 300-бабының 1-бөлігі – «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив