KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.65 589.06 6.49

Риддер ЖЭО-да 3 қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталды

14.09.2023, 09:35 393 Ләззат Қанатқызы

Риддердегі жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда ондағы 3 қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Орталықтағы 1, 2, 3 қазандық агрегаттары бойынша жұмыстар аяқталды. Жуып-тазалау үшін қазандықтан сумен толтырылды. Ол екі тәулікке дейін созылады. Қысым пайда болғаннан кейін қазандықтан жағыла бастайды, - дейді Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев.

Мердігер ұйым өкілдері жұмыстар жоспар бойынша уақытылы жүріп жатқанын атап өтті. «DM Energy» ЖШС-ның бас инженері Қайрат Досановтың айтуынша, дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, бірінші қазандық толтырылған соң, гидравликалық сынақтар жүргізіледі.

- Алдымен үшінші қазандық агрегатын іске қосуға дайындап жатырмыз. Құбыр жүйесін монтаждау бойынша жұмыстар аяқталды. Мердігер болған соң біздің негізгі міндетіміз – қандай да бір кемшілік анықталған жағдайда оны жедел жою, – деді «Перспективті технологиялар» ЖШС бас инженері Александр Матвиенко.

Жөндеу жұмыстары толықтай аяқталған соң риддерліктердің үйлеріне жылу беріле бастайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу