Риддер ЖЭО-да жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
![](/kz/uploads/posts/2023-08/img_6091.webp)
Риддер ЖЭО-да үш қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарына 14 мердігер ұйым тартылған. Оның 9-ы қазандық агрегаттарын жөндеумен айналысуда.
"Жоспар бойынша 25 тамызға қарай №1 қазандық - 83%, №2 қазандық - 90,6%, №3 қазандық -77%, № 4 қазандық - 61,9%, №5 қазандық - 55,4%, №6 қазандық - 66,5% дайын болады", делінген ШҚО әкімдігінің хабарламасында.
Аталған жұмыстар облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің қадағалауында. Ол мердігерлермен күн сайын жиналыс өткізіп, жұмыс қарқынын тездетуге тапсырма берген.
Айта кету керек, басты назар жылу көзіне ғана емес, риддерліктердің үйлеріне жеткізілетін жылу желілеріне де аударылып отыр. Қала әкімі Дәулет Батырбаев жылу желілеріндегі қысымды бақылап, «Востоквзрывпром» ЖШС және «Терезе» ЖШС мамандарымен бірлесе жұмыс істеп жатыр.