KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Риддер ЖЭО: қазандықтар біртіндеп іске қосылады

Сурет: Ермек Иманғазинов

15.08.2023, 16:54 249 Оразай Жеңісұлы

Риддер қаласының жылу электр орталығындағы алты қазандық та жөнделіп жатыр. Үш қазандық қыркүйектің соңына дейін, қалған үшеуі қазан айында дайын болады.

Қазандықтар күн суығанша біртіндеп іске қосылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір «Риддер ЖЭО» АҚ-да жөндеу жұмыстары жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Мұны жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар қадағалап отыр. Алдағы маусымда кеншілер қаласындағы әрбір үй жылумен толық қамтылуы тиіс.

Риддер қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, жұмыс көлемінің 49 пайызы еңсерілді. Қазір 9 кәсіпорынның 400-ге жуық жұмысшы жұмыла еңбек етіп жатыр.

Бірінші қазандықтың дайындығы – 65,7 %, екіншінікі – 47,3 %, төртіншінікі – 43,6 %. Қалған үш қазандықтың дайындығы да елу пайызға жуықтайды. Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр.

Риддер жылу электр орталығының жылу желілері де жөнделіп жатқанын айта кету керек. Ұзындығы екі шақырымнан астам желіні қос мердігер ұйым күрделі жөндеуден өткізеді. Бұл жұмыс аяқталуға жақын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив