KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
450.79 482.21 5.05

Облыстық маңызға ие жолдар жөнделіп жатыр – Тарбағатай ауданы

29.05.2024, 19:32 66 Ынтымақ Толқын

Тарбағатай ауданында облыстық маңызы бар  Ақсуат-Бәкей-Қарасу-Ақжар- Омбы-Майқапшағай жолының жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жолдың жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Бүгінде 12 шақырым жол жөнделді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Облыстық маңызы бар Ақсуат-Бәкей-Қарасу-Ақжар-Омбы-Майқапшағай жолының барлығы 18 шақырымына (106-124 шақырым аралығы) жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта 12 шақырымы жөнделді, қалған алты шақырымы жоспар бойынша маусым айының соңына дейін жөнделеді, – деді Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Талант Бақытбекұлы.

Еске салайық, Жол жылы аясында облыстық, аудандық маңызға ие көлік жолдары жөнделіп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив