Тарбағатайда көлік жолына су жүгірді
Тарбағатайда облыстық маңызы бар көлік жолына су жүгірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі
Қарғын су Ақсуат-Бәкей-Қарасу-Ақжар жолының учаскесі арқылы (101-102 км) республикалық маңызы бар Омбы-Майқапшағай жолына жайылып жатыр.
«Облшығысжол» ЖШС-нің ақпаратына сүйенсек, көлік қозғалысы тоқтаған жоқ.
«Елді мекендерге де қауіп төніп тұрған жоқ. Профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері де арнайы техникамен іске кірісті.
Оқи отырыңыз